Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «им. Абая» Шуйского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    2023-2024 оқу жылына арналған " Топжарған " ғылыми қоғамының жұмыс жоспары

    2023-2024 оқу жылы
                                    2023-2024 оқу жылына арналған " Топжарған " ғылыми қоғамының  жұмыс жоспары

    Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    2023-2024 оқу жылына арналған дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:

    Заманталабынасайбәсекегеқабілетті, білімді,іскер,ойлаужүйесі дамыған,адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

    МІНДЕТІ:

    • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.
    • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.
    • Оқушының ақыл–ой қабілетін жетілдіру;
    • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;
    • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімімен ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.
    • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

    ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
    • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
    • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
    • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
    • дарынды оқушының ғылыми–ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
    • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
    • сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
    • оқушы дарындылығының моделін білу;
    • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
    • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштері мен байланысына да көңіл бөлу;
    • дарынды оқушылардың ерекшелігін екере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білу

    Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жұмыс жоспары

    Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жұмыс жоспары

    Тақырыбы:«Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»

     Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты:Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім, тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру арқылы шығармашылық топтардың   жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің  ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.

     Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

    -         Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру;

    -         Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту;

    -         Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.

    -         Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу.

    -         Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.

    -         Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу.

    -         Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету

    -         Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.

    Жұмыс нысандары: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар.

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки