Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «им. Абая» Шуйского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Бейімделу бірінші сынып оқушыларының ішкі өзгерістерімен байланысты. Олардың оқушының ішкі позициясының қалыптасуы, жас дағдарысына байланысты денесінің қайта құрылуы, психикалық функциялардың жаңа деңгейлерінің дамуы, осы кезендегі баланың жалпы эмоционалдық күйі.

    Баланың әлеуметтік бейімделуі оны жаңа әлеуметтік рөлге үйретеді. Бала құрдастарымен, мұғалімдермен сөйлесуді үйренеді. Ата-анамен де қарым-қатынасы өзгереді. Өйткені ол қазір «өте үлкен», ол қазірдің өзінде бірінші сынып оқушысы, яғни оған деген көзқарас басқаша. Жаңа режим, денедегі стресстің жоғарлауы, тіпті оның жеке эмоционалдық тәжірибесі де денсаулыққа әсер етуі мүмкін.

    Мектебімізде 2023-2024 оқу жылында   1 «а» сыныбында 19 оқушы, 1 ә сыныпта 19 оқушы бар.Оқушылар мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы жақсы жағдайда.

    Оқушылардың сынып жетекшілермен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сабаққа қатысу барысында сынып жетекшісі оқушылармен  жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды. 

    Жоспарға сәйкес  қыркүйек айында оқушылардың мектепке дайындығын анықтау  әмақсатында  К.Ирасек тесті жүргізілді. 1 «а» сыныбы бойынша Жоғары деңгей –          10 оқушы    53  %, Орта деңгей-        7    оқушы       37    %,  Орташадан төмен -     2  оқушы   10    % 

     1 «ә» сыныбы бойынша  ж оғары деңгей –          12 оқушы   63   %

    Орта деңгей-        5   оқушы        26  %, Орташадан төмен -    2  оқушы    10       %

    «Оқушы болған қалай екен?» тақырыбында тренинг жүргізілді.Тренинг барысында «Сұрақ-жауап » жаттығуы арқылы сөйлеу тілдері, «Орман жануарлар қонақта», «Сыйлық» жаттығуы арқылы  белсенділіктері, қарым-қатынастары байқалды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сынып жетекшілерге сыныптарындағы оқушыларға сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін  /р, ш, с,  дыбыстарының дұрыс айтылмауы, сөздердің дұрыс айтылмауы / ата-аналарына логопедке жүгінуге ұсыныстар берілді. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі тақырыбында ата-аналарға кеңес беріліп, бейнетаныстырылым көрсетілді.

    Бастауыш сыныптан орта буынға  бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалдырады.

    Бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды.

    Бұлар:

                                      - Балалардың мінезі өзгереді;

                                     - тез шаршайды;

                                     - көңіл-күйлері бұзылады;

                                     - оқу-үлгерімі төмендейді;

                                     - мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

           Қыркүйек айында 5 сыныптармен  орта буынға сәтті бейімдеуіне келесі жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарға  «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында таныстырылым арқылы ағарту жұмысы жүргізіліп, кеңес берілді.

    Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін бақылау бойынша Филипс тесті бойынша төмендегідей нәтижені  көрсетті:

    5а , 5 ә, 5б - сынып  оқушыларының орта буынға көшкен кезде көп деген өзгерістерге ұшырайды,  ең бастысы оқу үргерімі төмендей бастайды. Сауалнаманың қорытындысы бойынша 5а , 5 ә , 5 б -  сыныпта аса  аландаушылық байқалады. Олар білімін тексерудегі қобалжу, мұғаліммен қарым-қатынастағы үрейлену мәселесі және мазасыздық.

    5-  сыныптар бойынша мектепке оқушыларды сәтті бейімдеуде, өзара қатынастарын құруға, мектеп мұғалімдерімен жағымды қатынас құру үшін  «Біздің бесінші сыныптағы тұлғалық дамуымыз» тақырыбында тренинг,жаттығулар   жүргізілді.

    2023-2024 оқужылы

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки