Қыркүйек айында «Бала қауіпсіздігінің ережелері» тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп, стендтер ілінді.
Мектептің бірінші қабатында «Сенім жәшігі», «111 байланыс орталығының» номері , «Komek Stop Bullyng » QR коды баспалдақ жанындағы қабырғаларға, дәретхана қабырғаларына орналастырылып, білім алушыларға қиын жағдайға тап болғанда қайда хабарласу керек екені туралы кеңес беру жұмыстары жүргізілді. ДҚЖО мен мектеп психологы кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша, ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. "Сенім телефондары", "жедел желі" жұмыстарына түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Қыркүйек айында Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Мынжасаров Қ. 5-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу мен заң бұзушылықты және қаңғыбастықты болдырмау», «Бөгде адамның мүлкіне қол сұқпау», «Психотроптық заттардың зияндылығы», «Мезгілсіз уақытта көшеде жүру», «Буллинг, кибербуллинг», «Жолда жүру ережесін жадыңды ұста!» тақырыптарында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында оқушыларға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, тонау, қарақшылық, бопсалау, ауыртылған бұзақылыққа, жеке мүллікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындағы жайлы айтылып, құқықбұзушылық түрлері бойынша ағарту жұмыстары жүргізілді.
ДҚІЖО Байгсиев А. мектеп психологы Талдыбаева А. 5-11 сынып оқушыларна ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Кибербуллинг», «Әлімжеттік» тақырыбында ағарту жұмысы жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді. Оқушылар арасында сұрақ –жауаптар қойылып, пікір алмасу болды.Кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың арасындағы «Буллинг, кибербуллингке ұшыраған, немесе куә болғанын», «Зорлық -зомбылықтың алдын алу» бойынша әр тоқсан сайын 7-11 сынып арасында 115 оқушыдан жасырын сауалнамалар алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жасырын сауалнаманы талдау кезінде отбасында,көшеде,мектепте зорлық -зомбылыққа ұшыраған балалар анықталмады.
Жасөпірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, құқықбұзушылықтардың жолын кесу, кәмелет жасқа тлмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында ватсаб желісі арқылы ата-аналарға жадынамалар таратылды.
«Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер» арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шу ауданы ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірлескен жоспар бекітілген. Мектебіміздің ер мұғалімдері кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен қаңғыбастықтың алдын алу бойыша рейдтерге шығып отырды.
1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуда, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық істің алдын алу бойынша ватсап желісі арқылы ағарту жұмысы жүргізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
8-11 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ағарту жұмысы жүргізілді. Таныстырылым арқылы ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп, кеңес берілді.
«Сыныпта буллинг пен кибербуллингті болдырмау мен алдын алуда ата-ананың рөлі» тақырыбында жүргізілген ағарту жұмысы жүргізілді.
1-11 сыныптың ата-аналарына балаларының буллингтің алдын алу, буллинтің салдары мен түрлерімен таныстыру мақсатында кеңес беріліп, ағарту жұмысы жүргізілді. Ата-аналарға балаларына сенімділік танытып, қолдау көрсетіп, балаға қорғаныш сезімін ұялатып, кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын болатындай сенімді қарым –қатынас орнату туралы айтылды.
9-11 сынып оқушыларына «Жамбыл облыстық зорлық –зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының Шу аудандық кеңес беру комитетінің мамандарымен» кездесу өткізілді. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Муратбек Г.А. құқық бұзушылық, олардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сенім телефондары туралы ақпараттар берді.
9-11 сынып оқушыларымен Шу ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастарға қызмет көрсету және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің психологы Нұрланқұл Мияткүл мен мектеп психологы «Буллинг», «Кибербуллинг» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізіп, сауалнама алды. Заңгер Орынтаев Нұркен «Өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында оқушыларға заң талаптарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2023-2024 оқу жылы